Күн тәртібіндегі мәселелер: 1-мәселе: Жазғы кезеңде балалар тағамының сапасын бақылау. 2-мәселе: Тағамнан уланудың алдын алу мақсатындағы профилактикалық тексеру. Тексеру барысында комиссия құрамы қорытындылай келе жаз мезгілінде жоғары температура салдарынан тағам тез бұзылып, балалар арасында тағамнан улану қаупі артады. Сондықтан балалардың тамақтану сапасын қатаң бақылау, тағамды дұрыс сақтау, тасымалдау және дайындау талаптарын сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Тағамнан уланудың алдын алу үшін жүйелі профилактикалық тексерулер жүргізу қажет. Оған тағам өнімдерінің сапасын зертханалық бақылау, тамақтану орындарындағы санитарлық жағдайды тексеру және қызметкерлердің медициналық бақылауы кіреді. Мұндай шаралар қауіпті тағам өнімдерінің тұтынуға түсуін азайтып, жаппай улану жағдайларының алдын алуға мүмкіндік беретіндігін жеткізген болатын.


