Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №35 «Балдырған» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелігіне ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарында алқалы орган болып табылады және оның қызметі, дамуын қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптес өкілдері, қайырымдылық жасаушылар шақырылады.
Құрметті ата – аналар! Сіздердің қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз!
Өтініштерді төмендегі мекенжай мен электрондық почта арқылы 2022 жылдың 2 қарашасына дейін қабылданады.
Ақтау қаласы, 12 шағынаудан, 58 ғимарат, baldyrgan35@mail.ru