25 қазан-Республика күніне арналған спорттық сайыс.
Ұлттық ойындар арқылы ұрпақ тәрбиесі.
Тақырыбы: ”Әкем-тірегім, елім-жүрегім” атты ұлттық спорттық сайыс.
Мақсаты: Республика күні мерекесіне орай қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау, балалардың дене қимылдарын жетілдіру, әеелер мен балалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
Балалардың қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру және қызығушылықтарын арттыру.
Ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, күштілікке және төзімділікке баулу.
Әкелер мен балалардың бірлескен әрекеті арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.