Skip to content

Хабарлама (бос жұмыс орын)!

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге аламыз.

   Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №35″Балдырған” бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға  (бос жұмыс орынға) тәрбиеші мамандығы бойынша  жұмысқа қабылдауға байқау жариялайды.

Құжаттардың тапсыру мерзімі : 05-13.07.2023 жыл.
Конкурс өту  күні : 13.07.2023 жылы сағат 10.00 басталады.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

  • Білімі:  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ( жоғары немесе арнаулы орта).
  • Санаты – педагог.
  • Еңбек өтілімі: бастаушы
  • Баспалдақ звеносы : В
    Штаттық кестеге сәйкес –  І-(бірлікпен) қабылданады.
  • Қызметкердің еңбек ақысы :  еңбек өтілімі және санатына және біліме байланысты төленеді.  

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің  2020 жылғы 21 ақпандағы  бұйрығының Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
    1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)

Байқаудың ұйымдастыру мекен-жайы: Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, 58 ғимарат №35»Балдырған» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК ,
Байланыс құралы:  8 (7282) 33476 , ұялы телефон 87471475476.
Электронды пошта:  baldyrgan35@mail.ru

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *