Skip to content

Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №35“Балдырған”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі baldyrgan35@mail.ru., байланыс телефон номері 8(7292)33-64-75

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығын негізге ала отырып, уақытша және  бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды.

  • Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі -2  (сағат саны -5,25) (уақытша бала күтімі демалыс орнына-2).
  • Дефектолог – 1  (сағат саны -7,2)  тұрақты орынға.
  • Хореограф– 1  (сағат саны – 4,8)  тұрақты орынға.

Құжаттарды қабылдау  04.11 –  13.11.2025 жыл аралығында дейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен , 113-тармағына сәйкес, конкурсқа қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды  қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS – айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

 11) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша),оқу орнынан ұсыным хат.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының педагогтердің кәсіби  негізгі функцоналдық міндеттерін білу.

Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *