Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
2025-2026 оқу жылы аясында тәрбиеленушілердің тамақтану сапасын бақылау мақсатында бракераж комиссиясы тарапынан асханада жоспарлы бақылау жұмысы жүргізілді.
Бақылау барысында:
– дайындалатын тағамдардың сапасы;
– санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы;
– тағамдарды сақтау және тарату тәртібі;
– күнделікті ас мәзірінің бекітілген нормаларға сәйкестігі тексерілді.
Тексеру нәтижесінде асхана жұмысы жақсы деп бағаланып, балалардың денсаулығына қауіп төндіретін кемшіліктер анықталған жоқ.