17.06.2026 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалы мен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің бірлесуімен «STEM білім беру: ғылым мен білім тәжірибесінің интеграциясы» тақырыбында облыстық форум өтті.
Форумның негізгі мақсаты – педагогтердің STEM/STEAM бағытындағы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы кіріктіре оқытудың тиімді тәжірибелерін тарату.
Форумға білім беру ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары және педагогтер қатысты. Шара пленарлық және секциялық отырыстар форматында ұйымдастырылды.
Шараның секциялық отырысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша тәжірибе алмасты:
1-секция: Мектепке дейінгі ұйымдардағы STEAM технологиялары;
2-секция: Мектептегі STEM сабақтарының тиімді тәжірибелері;
3-секция: Инклюзивті білім берудегі STEM/STEAM мүмкіндіктері.
Секциялық отырысқа бөбекжайдың әдіскері Елеуова С.М. “ЕББҚ балаларға STEAM мүмкіндіктері” тақырыбында шебер сынып көрсетті.
Форумға бөбекжайдың логопед маманы Дюсенова С.У. “ЕББҚ балаларға STEAM алаңы” тақырыбында көрме ұййымдастырды.
Өздерінің озық тәжірибелерімен, авторлық идеяларымен және тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерімен бөліскен әріптестерге ұйымдастырушы алқа шынайы алғысын білдірді.
Форум қорытындысында тәжірибесімен бөліскен педагогтер мен мамандарға алғыс алғыс хаттар табысталып, олардың білім беру саласындағы еңбектері мен кәсіби белсенділіктері жоғары бағаланды.


