Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – балаға білім беріп қана қоймай, оның бойына ізгілік пен адамгершіліктің дәнін себетін, болашағына бағыт-бағдар беретін қадірлі жан. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, мейірімдеріңіз бен төзімдеріңіз – өскелең ұрпақтың жарқын болашағына қосылған үлкен үлес.
Әр шәкірттеріңіздің жетістігі еңбектеріңіздің жемісі болып, мерейлеріңізді үстем етсін! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілеймін.
Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылу кетпесін!
Ұстаздық мәртебелеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болсын!
Ұстаздар күні құтты болсын!