25.09.2026 жыл күні №35 «Балдырған» бөбекжайында бракераждық комиссия мүшелері ас блогының жұмысын бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында тағамдардың сапасы мен дайындалуы, азық-түліктердің сақталу жағдайы, тоңазытқыштардың температуралық режимі, ас блогының санитарлық тазалығы және тағамды сақтау талаптарының орындалуы қаралды.
Балалардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету – басты назарымызда.