
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі мен ішкі тәртіп қағидаларын сақтау мәселелерін түсіндіру.
Нұсқама барысында келесі мәселелер қарастырылды:
бөбекжайдың ішкі еңбек тәртібі қағидалары;
қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен жауапкершілігі;
өрт қауіпсіздігі талаптары;
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау шаралары;
жазғы кезеңде серуендеу және ойын алаңдарындағы қауіпсіздік;
терроризмге қарсы қорғаныс және бөгде адамдардың кіруін бақылау;
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері;
бала құқықтарын қорғау және қатыгездікке жол бермеу мәселелері.
Нұсқама соңында қызметкерлер қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау жөнінде түсіндірме алып, қауіпсіз орта қалыптастырудағы жауапкершіліктері туралы ескертілді.